2026 жылғы 14 қазанда Семей бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен теміржол вокзалында аса қауіпті инфекцияға күдікті жолаушы анықталған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмін пысықтау бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – аса қауіпті инфекциялардың Қазақстан аумағына әкеліну қаупінің алдын алу, науқасты оқшаулау және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру кезінде жауапты қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру. Іс-шара барысында науқасты оқшаулау, тиісті қызметтерге ақпарат беру, хабарлау тәртібі және инфекция ошағын оқшаулау бойынша іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Сонымен қатар қатысушы қызметтердің төтенше жағдайларға дайындығы тексерілді.
Теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізілді