Ақтауда Маңғыстау және Түркістан облысының «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығынының іскерлік кездесуі өтті

Ақтауда Маңғыстау және Түркістан облысының  «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығынының  іскерлік кездесуі өтті

2026 жылғы 19 қазанда Ақтау қаласында Маңғыстау облысының туризм басқармасы мен Түркістан облысының «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен іскерлік кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – екі өңірдің туристік әлеуетін таныстыру, өзара ынтымақтастықты дамыту және өңіраралық байланыстарды нығайту.

Кездесу барысында өңірлердің туристік мүмкіндіктері таныстырылып, туроператорлар мен қонақ үй өкілдерінің қатысуымен B2B форматында іскерлік кездесулер ұйымдастырылды.

Іс-шара екі өңір арасындағы туристік байланыстарды кеңейтуге, кәсіпкерлер арасындағы әріптестікті нығайтуға және ішкі туризмді дамытуға бағытталды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1314199?lang=kk