Тарихи жетістік! Қазақстан пара үстел теннисінен Азия пара ойындарының алғашқы медальдарын жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық Ардақ Нұрмағамбетов пен Әли Махулбеков қола жүлдегер атанды.

Ардақ Нұрмағамбетов Үндістан спортшысы Сандип Дангиді 3:0 есебімен жеңді. Ал Әли Махулбеков жартылай финалда Қытай Гонконгінің өкілі Чжао Шуайға 0:3 есебімен есе жіберіп, қола медаль иеленді.

Бұл – Қазақстанның пара үстел теннисінен Азия Пара ойындары тарихында жеңіп алған алғашқы медальдары.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1314194?lang=kk