Жас сақшы сыныбының оқушылары №67 мекеменің қызметімен танысты

Жас сақшы сыныбының оқушылары №67 мекеменің қызметімен танысты

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты жас сақшы сыныбының оқушылары №67 мекемесіне арнайы барып, қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің ерекшеліктерімен танысты.

Таныстыру барысында оқушыларға департамент аумағындағы қызметтік кабинеттер көрсетіліп, қызметкерлердің күнделікті жұмыс тәртібі мен атқаратын міндеттері туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар жас сақшылар оқу-жаттығу барысында қолданылатын қару-жарақ үлгілерімен танысып, олардың қызметтік мақсаттағы қолданылуы жөнінде түсінік алды. Бұдан бөлек, мекеме аумағын қамтитын бейнебақылау жүйесінің жұмысы көрсетіліп, оның қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы түсіндірілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыру, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі туралы түсінігін кеңейту және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру.

Мұндай кездесулер жас сақшылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және Отанға қызмет етуге деген ынтасын нығайтуға ықпал етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/duiszhambyl/press/news/details/1314184?lang=kk