Азаматтық қорғаныс комитеті Түркістан облысында жоспарлау құжаттарын, эвакуациялық пункттерді және қорғау күштерін тексерді.
Өңірдің азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыруға және орындауға дайындығын бағалау мақсатында Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Түркістан облысының жергілікті атқарушы органына тексеру жүргізді.
Тексеру барысында азаматтық қорғаныс бойынша жоспарлау құжаттары қаралып, көзделген іс-шараларды ұйымдастыру сапасы бағаланды. Әкімнің басқару пункттерінің дайындығына және басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып, эвакуациялық пункттердің жай-күйі мен халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар тексерілді.
Сондай-ақ азаматтық қорғау күштерін, оның ішінде ұйымдастырушылық дайындықты бағалау үшін шұғыл ден қою жасақтарын байқау жүзеге асырылды.
Тексеру қорытындысы бойынша заңнама талаптарын бұзудың 26 дерегі анықталып, бақылау субъектісіне кемшіліктерді жою мерзімдері көрсетілген қорытынды берілді.