Бүгін Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов VIII шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.
🔹 Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және жергілікті маңызы бар мәселелердің шешілуіне қосқан үлестері үшін депутаттарға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың және Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның Алғыс хаттары табысталды.
🔹 Аудан әкімі депутаттармен бірлескен жұмыстың қорытындыларына тоқталды. Осы кезеңде 34 мәслихат сессиясы өткізіліп, 40 тұрақты комиссия отырысы ұйымдастырылып, 427 шешім қабылданғанын атап өтті.
🔹«Осы жылдар ішінде аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп, көптеген маңызды жұмыстар атқарылды. Қабылданған шешімдер мен өткізілген отырыстар жергілікті мәселелерді талқылауға, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеруге және оларды шешу жолдарын айқындауға мүмкіндік берді. Халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп, ел мүддесі жолында атқарып жүрген еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін», – деді Айбек Купенов.
🔹 Кездесу соңында аудан әкімі депутаттарға бірлескен жұмыстары мен ел игілігі жолындағы еңбектері үшін ризашылығын білдірді.
VIII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1314116?lang=kk