Қазақтың көрнекті ақыны, драматургі, әнші әрі сазгері Бәкір Тәжібаевтің туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар қаламгердің туған жері – Жарқамыс ауылында жалғасын тапты.
🔹Мерейтой аясында ақын есімімен байланысты киелі «Ақбұлақ» бастауының бойында орналасқан ескерткішке жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, оның жаңартылған келбеті көпшілік назарына ұсынылды.
🔹Тағылымды шараға Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов, облыстан арнайы келген қонақтар, ақынның ұлы Жасұлан Тәжібаев пен інісі Ақан Төлеуов, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.
🔹Жиын барысында Бәкір Тәжібаевтің қазақ әдебиеті мен музыка өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі, ұлттық руханияттағы орны мен шығармашылық мұрасының маңызы кеңінен сөз болды.
🔹Шарада ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, қаламгердің өнегелі өмір жолы мен шығармашылығы дәріптелді.
🔹Бәкір Тәжібаевтің өмірі мен шығармашылық жолы туған жері Жарқамыспен тығыз байланысты. Оның өлеңдері мен әндері халықтың рухани қазынасына айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
🔹Ақынның ғасырлық мерейтойы аясында жүзеге асырылған бұл игі іс – туған жерден түлеп ұшқан дара тұлғаның есімін ұлықтап, бай шығармашылық мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттаудың жарқын көрінісі.
🔹Жаңғыртылған ескерткіш – туған өлкенің тарихын қастерлеудің, елге еңбегі сіңген тұлғалардың рухани мұрасын сақтаудың және ұрпақ сабақтастығын нығайтудың маңызды белгісі.
🔹Туған жердің тұлғасын ұлықтау – өткенге құрмет, ұрпаққа өнеге, келешекке аманат!
ЖАРҚАМЫСТА БӘКІР ТӘЖІБАЕВТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «АҚБҰЛАҚ» БАСТАУЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1314093?lang=kk