«@SalyqBot» цифрлық салық консультанты

«@SalyqBot» цифрлық салық консультанты

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге жедел көмек көрсету, салықтық және кедендік мәселелерді түсіндіру үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті әзірлеген @SalyqBot ресми Telegram-ботының мүмкіндіктері туралы хабарлайды.

Чат-бот қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді және келесі сервистерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді:

- Кеңес беру және көмек: шотты бұғаттаудан шығару, жеке тұлғалардың салықтары, банкроттық рәсімі және кедендік мәселелер бойынша жедел көмек.

- Заманауи технологиялар: Salyq ИИ 2026 интеллектуалды көмекшісі.

- Кері байланыс: операторға сұрақ қою, бейнеқоңырау шалу немесе сауалнамадан өту мүмкіндігі.

- Пайдалы құралдар: калькуляторлар, салық күнтізбесі және электрондық сервистер.

- Бiлiм базасы: танымал сұрақтар (ТОП), онлайн-анықтамалықтар және бейнесабақтар.

Сервисті Telegram-да @SalyqBot логині бойынша немесе тікелей сілтеме арқылы пайдалануға болады: https://t.me/salyqbot.

#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1314032?lang=kk