Рейдтік іс-шара

Рейдтік іс-шара

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында белгіленбеген орындарға қоқыс төгудің алдын алу мақсатында Баянды ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

Рейд барысында белгіленбеген орынға қоқыс қалдықтарын төккен тұлға анықталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Құрметті аудан тұрғындары белгіленбеген орындарға қоқыс қалдықтарын төкпеуге шақырамыз!

Рейдттік іс-шара тұрақты жүргізіліп отырғандығын ескертеміз.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1314008?lang=kk