«Ұмытылмас әндер-ай!» қарттарға құрмет көрсетілген мерекелік кеш:

«Ұмытылмас әндер-ай!» қарттарға құрмет көрсетілген мерекелік кеш:

Станционный кентінің әкімі Ә. Төлебаев Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Шаңырақ» хор ұжымының «Ұмытылмас әндер-ай!» атты мерекелік ән кешіне қатысып, барша аға буын өкілдерін айтулы мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар, қариялардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың кент мәдениетінің дамуына қосқан үлестері мен ерен еңбектері үшін алғысын білдірді. Барша қонақтарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau-stantsionnyi/press/news/details/1313987?lang=kk