Іс-шара барысында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және көрсету тәртібі, белгіленген талаптардың сақталуы, сондай-ақ мемлекет тарапынан қолдауды қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, туындаған өзекті мәселелерді талқылады және әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және атаулы әлеуметтік көмекті қамтамасыз етуге бағытталған алдағы міндеттер айқындалды.