Көкшетауда ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлкен жәрмеңкесі өтеді

Көкшетауда ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлкен жәрмеңкесі өтеді

24 қазанда Республика күні қарсаңында Көкшетау қаласындағы «ЦУМ» сауда үйінің аумағында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Жәрмеңкеге облыстың 8 ауданы мен Степногорск, Қосшы қалалары, сондай-ақ 20 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысады. Тұрғындарға ет және шұжық өнімдері, балық, сүт өнімдері, жұмыртқа, ұн, көкөніс, жарма және өсімдік майы сияқты 30-дан астам өнім түрі ұсынылады.

Жәрмеңкеге жалпы көлемі 200 тоннадан астам өнім шығарылады. Барлығы шамамен 100 сауда орны ұйымдастырылады.

Сонымен қатар «НК СПК Kokshe» АҚ-ның тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері төмендетілген бағамен сатылады.

📍 Мекенжайы: Көкшетау қаласы, «ЦУМ» сауда үйінің аумағы
📅 Күні: 24 қазан
💰 Бағасы: нарықтағы бағадан 10–15%-ға төмен

Тұрғындарды жергілікті өндірушілердің жаңа өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға шақырамыз! 🥕🥩

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kbsh-kokshe/press/news/details/1313977?lang=kk