Атырау облысының құтқарушылары арасында үстел теннисінен турнир өтті

Атырау облысының құтқарушылары арасында үстел теннисінен турнир өтті

19 қазан – Құтқарушы күніне орай Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды.

2026 жылғы 10 қазанда өткен жарысқа барлығы 31 қызметкер қатысып, өзара мықтыны анықтады. Турнирдің басты мақсаты – қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және ұжымдық ынтымақтастықты нығайту.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды сала ардагері Б. Салықов иеленді. Екінші орын «Қазавиақұтқару» жасағының қызметкері А. Құсайыновқа бұйырса, үшінші орын Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Б. Сабыровқа берілді.

Турнир қатысушыларына белсенділіктері мен спорттық шеберліктері үшін алғыс білдіріліп, жеңімпаздар құттықталды. Мұндай спорттық іс-шаралар қызметкерлердің кәсіби қызметпен қатар дене шынықтыруға көңіл бөлуіне және ұжымдағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1313965?lang=kk