Астаналық пара жүзушілер Нагоядағы Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Астаналық пара жүзушілер Нагоядағы Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара жүзуден Қазақстан құрамасы 4×50 метрге кешенді жүзуден аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама сапында Астананың екі спортшысы өнер көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Финалдық жарыста қазақстандық спортшылар 2 минут 54,22 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды. Олар 2 минут 32,23 секунд нәтижемен мәреге бірінші жеткен Қытай құрамасына жол берді.

Үшінші орынды 3 минут 8,20 секунд нәтижемен Таиланд командасы иеленді.

Қазақстан құрамасының сапында елордалық спортшылар Әли Тұрғанбеков пен Сиязбек Далиев өнер көрсетіп, V Азия Пара ойындарында ұлттық құраманың жүлде қорын толықтыруға өз үлестерін қосты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1313875?lang=kk