Ақтөбе облысында «Қауіпсіз үй» ЖПІШ аясында көші-қон заңнамасын бұзудың 90 дерегі анықталды

Ақтөбе облысында «Қауіпсіз үй» ЖПІШ аясында көші-қон заңнамасын бұзудың 90 дерегі анықталды

Ақтөбе облысында құқық бұзушылықтардыңалдын алу, заң талаптарының сақталуынқамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздіктінығайту мақсатында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлерікөші-қон заңнамасының сақталуына, шетелазаматтарының тұратын орындарына жәнеолардың Қазақстан Республикасыныңаумағында болу тәртібіне ерекше назараударды.

Нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 90 дерегі анықталды. Оның ішінде ел аумағындазаңсыз жүрген 71 шетел азаматы анықталды. Олардың 37-сіне қатысты сот тәртібімен елденшығарып жіберу үшін құжаттарды рәсімдеужұмыстары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар іс-шара аясында ерекше назараударуды қажет ететін 841 мекенжайанықталып, оның 660-ында кешендіпрофилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Жалға берілетін тұрғын үйлерді тексерубарысында 55 дерек анықталып, тиісті ақпаратмемлекеттік кірістер органдарына жолданды.

Іс-шара барысында азаматтық қару иелерінің 1 014-і тексерілді. Тексеру нәтижесінде қарудысақтау қағидаларын бұзудың 7 дерегі және оны тіркеу немесе қайта тіркеу мерзімдерінбұзудың 1 дерегі анықталды. Заңбұзушылықтар бойынша 51 қару бірлігітәркіленді. Сондай-ақ тіркелмеген екі атысқаруы анықталып, тәркіленді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында да жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 54 жасөспірім ұсталды. Оның біреуі алкогольдікішімдіктер ішкені немесе мас күйде жүргеніүшін, сегізі заңды өкілдерінсіз ойын-сауықорындарында болғаны үшін анықталды. Ал 11 кәмелетке толмаған жасөспірім бейімдеуорталығына орналастырылды.

«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты — көші-қонзаңнамасының сақталуын бақылау, құқықбұзушылықтардың жолын кесу, қоғамдықтәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігінқамтамасыз ету.

Ақтөбе облысы Полиция департаментішетел азаматтарын ҚазақстанРеспубликасының заңнамасын сақтауға, ел аумағында болу мерзімдерін бақылауғажәне қажетті құжаттарды уақытылырәсімдеуге шақырады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1313830?lang=kk