Ақтөбе облысында интернет-алаяқтық 20 пайызға төмендеді

Ақтөбе облысында интернет-алаяқтық 20 пайызға төмендеді

 

Азаматтардың қырағылығы мен уақтылыәрекет етуі интернет-алаяқтықтың алдын алуғамүмкіндік беруде. Ақтөбе облысында интернет-алаяқтық деректерінің тіркелуі 20 пайыздан астамғатөмендеді. Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары СерікШалхаров дәстүрлі брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, интернет-алаяқтыққылмыстарын анықтау және жолын кесу бағытындағыжұмыстар жалғасуда. Қабылданып жатқаншаралардың нәтижесінде осы санаттағы қылмыстарғақатысы бар 64 адам ұсталды. Олардың 20-сының қылмыстық әрекеттің 134 дерегіне қатысы бары анықталды.

Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынғанақшаны аудару және қолма-қол ақшаға айналдыруүшін өздерінің банк шоттары мен карталарынұсынатын дропперлерді анықтауға ерекше назараударылуда. Өңірде 1 300-ден астам дропперанықталды. Аталған фактілер бойынша 74 қылмыстық іс қозғалды.

Брифинг барысында Серік Шалхаровазаматтардың қырағылығының арқасында алаяқтықәрекеттердің дер кезінде анықталып, материалдықшығынның алдын алуға мүмкіндік бергенжағдайларды да атап өтті.

Мәселен, биыл жазда Ақтөбе қаласының 56 жастағы тұрғынына өзін жеткізу қызметі мен банк қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз адамдарқоңырау шалған. Олар әйелді жалған несиерәсімдеуден қорғаймыз деп алдап, екі бөлмелі пәтеріннарықтық бағадан едәуір төмен бағаға сатуғакөндірген.

Алайда, жылжымайтын мүлік агенттігініңменеджері мәміледегі күмәнді жайттарға назараударып, алаяқтық белгілерін байқаған. Ол дереуполицияға хабарлаған. Менеджердің қырағылығымен уақтылы әрекетінің арқасында пәтерді сатуғажол берілмеді.

Полиция департаменті облыс тұрғындарын сақболуға шақырады. Азаматтарға SMS арқылы келетінрастау кодтарын және банк карталарының деректерінбөгде адамдарға бермеу, белгісіз шоттарға ақшааудармау, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке қатыстыірі мәмілелер жасау кезінде асығыс шешімқабылдамау ұсынылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1313825?lang=kk