Ауданның және ауылдық округтердің спорттық өмірін дамытуға белсенді қатысқаны үшін Тимирязев ауданының ауылдық округтері сертификаттармен марапатталды

Ауданның және ауылдық округтердің спорттық өмірін дамытуға белсенді қатысқаны үшін Тимирязев ауданының ауылдық округтері сертификаттармен марапатталды
Аудандық «Ақ бидай» және «Север» спорттық мерекелеріне белсенді қатысқаны, спорттық бастамаларды қолдағаны, жарыстарға атсалысқаны және елді мекендерде дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін ерекше алғыс білдірілді.
Сертификаттармен:
* Докучаев ауылдық округі;
* Комсомол ауылдық округі;
* Тимирязев ауылдық округі;
* Москворецк ауылдық округі;
* Ақсуат ауылдық округі
марапатталды.
Ауылдық округтердің спорттық іс-шараларға белсенді қатысуы дене шынықтыруды насихаттауға, әртүрлі жастағы тұрғындарды спортпен шұғылдануға тартуға және Тимирязев ауданының спорттық дәстүрлерін нығайтуға ықпал етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ofks-timirazevo/press/news/details/1313799?lang=kk