Шығыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылар

Шығыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар- қыркүйек  айларына

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2 584,1 млрд. теңге құрады. 2025 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 94,3%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 386,5 млрд. теңге құрады. Нақты көлем индексі – 103,4%.

Негізгі капиталға тартылған инвестициялар  632,1 млрд. теңге құрады. Нақты көлем индексі – 108,4%.  

Құрылыс жұмыстарының көлемі 341,7 млрд. теңге құрады. Нақты көлем индексі – 115,2%.

102,8% өсу қарқынымен 216,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1 053,2 млрд. теңгені құрады.                  Нақты көлем индексі – 100,8%. 

Әлеуметтік сала.

2026 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады.

2026 жылғы қаңтар-маусым айларында орташа айлық номиналды жалақы                444 711  теңге құрады, бұл 2025 жылғы тиісті кезеңнен 9,1%-ға жоғары.

Ескертпе: Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері Шығыс Қазақстан облысы бойынша  стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика Бюро Департаментінің деректер негізінде ұсынылған (www.stat.gov.kz)

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ekonomika/press/news/details/1313749?lang=kk