Тимирязев ауданында Нан күні аталып өтті!

Тимирязев ауданында Нан күні аталып өтті!

Іс-шара аясында Тимирязев ауданының этномәдени орталықтары, агротехникалық колледж, «Земляки» клубы және Ардагерлер кеңесі дайындаған түрлі нан-тоқаш өнімдері ұсынылды.

📚 Сонымен қатар, Орталық аудандық кітапхана нанның тарихы, оған қатысты салт-дәстүрлер мен халық өміріндегі маңызына арналған тақырыптық көрме ұйымдастырды.

🌾 Аталған іс-шара нанның қадір-қасиетін дәріптеуге, диқаншылардың еңбегіне құрмет көрсетуге және халықтық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын насихаттауға мүмкіндік берді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-timirazevo/press/news/details/1313745?lang=kk