Балаларды профилактикалық медициналық тексеру – бұл ауруларды ерте сатыда анықтауға және аурулардың дамуын, қауіп факторларын, қосалқы аурулардың туындауын болдырмауға және балалар денсаулығын нығайтуға бағытталған тексерулер. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларына профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізіледі.
Профилактикалық медициналық қарап-тексерулер «Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2026 жылдың 9 айында профилактикалық медициналық тексеруге 185321 оқушы жатқызылған, оның ішінде зерттеумен 161699 оқушы қамтылған, бұл 87% құрады.
Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда кәмелетке толмаған білім алушыларын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді аумақтық медициналық-санитариялық-алғашқы көмек көрсететін ұйымдарының мамандары білім беру ұйымдарының аумағына шыға отырып жүргізеді. Профилактикалық медициналық қарап-тексеру дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған кезеңдерді қамтиды. Дәрігерге дейінгі кезеңді білім беру ұйымының, мектепке дейінгі ұйымдардың орта медицина персоналы жүргізеді. Білікті кезеңді педиатр, терапевт дәрігер немесе жалпы практика дәрігері жүргізеді.
Мамандандырылған кезеңді бейінді мамандар жүргізеді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың денсаулығының қаншалықты қалыпты өсіп келе жатқанын білу үшін, ауытқулар болған жағдайда уақытылы емдік-профилактикалық көмек көрсету және ерте диагностикалау үшін балаларды профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өткізіп тұрудың маңызы зор.
Сол себепті ата-аналарға профилактикалық медициналық тексеруден өтуге белсенді қатысуға кеңес береміз.
Бейінді мамандардың қорытындысы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, профилактикалық медициналық қарап-тексеру аяқталғаннан кейін педиатр дәрігер, терапевт дәрігер немесе жалпы практика дәрігері денсаулықтың келесі тобын айқындай отырып, балалардың денсаулық жағдайына кешенді бағалау жүргізеді: 1-топ – дені сау балалар; 2-топ – дені сау, бірақ функциялық ауытқулары бар, сондай-ақ жіті және созылмалы ауруларға қарсы тұру қабілеті төмен, қауіп факторы бар балалар; 3-топ – организмінің функциялық мүмкіндіктері сақталған, компенсация жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар; 4-топ – организмінің функциялық мүмкіндіктері төмен, субкомпенсация жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар; 5-топ – организмінің функциялық мүмкіндіктері айтарлықтай төмендеген, декомпенсация жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар.
«Балаларды профилактикалық тексеру: дені сау болашақтың кепілі»
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1313720?lang=kk