Шымкент қаласы Әділет департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде зияткерлік меншік саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған дәріс ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және зияткерлік еңбек нәтижелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру.
Дәріс барысында Шымкент қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы Дина Азимова университет оқытушыларына зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың маңыздылығы, авторлық құқықтарды сақтау, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар зияткерлік меншік құқықтарын сақтау, шығармашылық және ғылыми қызмет нәтижелерін заңнама талаптарына сәйкес пайдалану қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзекті құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.