Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде «Вирустық гепатиттердің эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы және профилактикасы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
⚡️Іс-шара бейнеконференция форматында Департамент басшысының орынбасары А.С. Күшбасовтың төрағалығымен ұйымдастырылды.
⚡️Семинарға облыстың аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) бойынша бас дәрігерлердің орынбасарлары, дәрігерлік учаскелердің меңгерушілері, қалалық емханалар мен аудандық ауруханалардың инфекционист дәрігерлері, сондай-ақ Петропавл қаласы мен облыстың медициналық ұйымдарының госпитальдық эпидемиологтары қатысты.
⚡️Семинар барысында Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Қазақстан облысындағы вирустық гепатиттер бойынша эпидемиологиялық жағдай, В және С вирустық гепатиттерін диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері, сондай-ақ инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу алгоритмдері қарастырылды.
⚡️Вирустық гепатиттер жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеру, зертханалық диагностика, сондай-ақ А, В және С вирустық гепатиттері ошақтарында науқастар мен байланыста болған адамдардан биологиялық материал алу және оны тасымалдау қағидаларына ерекше назар аударылды.
⚡️Семинар қорытындысы бойынша мамандар кәсіби қызмет барысында туындайтын практикалық мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
📌Мұндай іс-шараларды өткізу мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және вирустық гепатиттердің алдын алу шараларын жетілдіруге ықпал етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1313680?lang=kk