«Бәрін білгім келеді»: Астаналық балабақша тәрбиеленушілері эксперименттік шағын зертханада табиғат сырын танып жүр

«Бәрін білгім келеді»: Астаналық балабақша тәрбиеленушілері эксперименттік шағын зертханада табиғат сырын танып жүр

Астанадағы №70 «Құлыншақ» балабақшасында 2024-2025 оқу жылынан бастап «Бәрін білгім келеді» шағын зертханасы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық-зерттеушілік құзыреттілігін дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Эксперименттік алаң аясында «Ғажайыптар зертханасы» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жоба аясында «Ғажайыптар зертханасы», «Мен зерттеушімін» бағыттары мен экологиялық жұмыстар ұйымдастырылған. Олар балалардың тірі және өлі табиғатпен танысуына, тәжірибелер жүргізуіне және зерттеушілік дағдыларын дамытуына жағдай жасайды. Сонымен қатар педагогтерге арналған шеберлік сабақтары, ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер және ата-аналардың қатысуымен бірлескен зерттеу жобалары өткізіледі.

Эксперименттік алаң жұмысы аясында «Ғажайыптар зертханасы» тақырыбында қалалық семинар өтті. Іс-шара барысында «Зерттеулердің таңғажайып әлемі» тақырыбында ашық сабақтар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

2026-2027 оқу жылында «Жас метеоролог» экологиялық жобасы және «Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғатты бақылау, желдің бағытын анықтау, жапырақтар жинау және табиғи материалдарды пайдаланып, шығармашылық жұмыстар жасау бағытындағы іс-әрекеттер жүргізілуде.
Сондай-ақ балалардың танымдық-зерттеушілік құзыреттілігін дамыту тәжірибесі негізінде мақала жарияланып, мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған әдістемелік құрал әзірленді. Аталған құрал қалалық сараптамалық кеңестің қарауына ұсынылды.

«Бәрін білгім келеді» эксперименттік алаңы балалардың табиғатқа қызығушылығын арттыруға, білімді өз бетінше іздеу дағдыларын қалыптастыруға және алғашқы зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1313640?lang=kk