📚 ЕСКЕЛДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – КӘСІБИ ДАМУ КЕПІЛІ!

📚 ЕСКЕЛДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – КӘСІБИ ДАМУ КЕПІЛІ!

2026 жылғы 16 қазанда Талдықорған қаласында сынып жетекшілеріне арналған семинар-тренинг аясында Қаратал ауданы, Р. Қошқарбаев атындағы орта мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қалаулинова Надира Жанатқызы өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

«Отбасы – мектеп – қоғам: құндылықтарды қалыптастырудағы ортақ жауапкершілік» тақырыбында тәрбие үдерісіндегі серіктестіктің маңыздылығы, бала бойында ұлттық және адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы отбасы мен мектептің бірлескен жұмысы туралы ой қозғады.

✨ Семинар барысында тәжірибелік жұмыс ұсынылып, қатысушылар арасында өзара пікір алмасу ұйымдастырылды.

Ортақ мақсат – саналы, жауапты, адал азамат тәрбиелеу!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1313597?lang=kk