Ветеринариялық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы

Ветеринариялық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы

2026 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы жөнінде ветеринариялық іс-шаралардың 10 айлық жоспарының орындалысы бойынша аудандық, қалалық Ветеринариялық станция КМК басшыларымен видеоформаты арқылы жиналыс өткізілді.

Ветеринария басқармасының басшысы ветеринариялық іс-шаралардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес, белгіленген мерзімдерде және толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына тұрақты бақылау жүргізу және анықталған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, жоспарланған ветеринариялық профилактикалық және диагностикалық іс-шаралардың ауылдық, селолық округтер бөлінісінде толық орындалуын қамтамасыз ету, әрбір елді мекен бойынша атқарылған жұмыстардың есебін жүргізу және жоспардың орындалу барысы туралы ақпараттарды белгіленген тәртіппен ұсынып отыру тапсырылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-veterinaria/press/news/details/1313516?lang=kk