Өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Жаңатас қаласы №16 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Шапағат» бөбекжайында өрт-тактикалық сабақ өткізді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – өрт туындаған жағдайда қызметкерлердің іс-қимылдарын пысықтау, өртті жедел сөндіру және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау дағдыларын жетілдіру. Сабақ барысында нысанның ерекшеліктері зерделеніп, өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекет ету тәртібі пысықталды. Сондай-ақ балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Жамбыл облысы ТЖД

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1313263?lang=kk