Таза Қазақстан жобасы

Таза Қазақстан жобасы

Тассуат ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындары ауыл аумағын қоқыстан тазалап, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтірді. Сенбіліктің негізгі мақсаты – ауыл тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан тұрғындарға алғыс білдіреміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain-tassuat/press/news/details/1281195?lang=kk