Баршаңызды Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке — біздің ең басты байлығымыздың символы. Қазақстан — ұлттар мен діндер тоғысқан мемлекет, және осынау алуан түрлілік бізді бөлмейді — керісінше, біріктіреді. Өзара сыйластық, төзімділік және келісім — біздің ортақ үйіміздің іргетасы. Барлық дін өкілдеріне, ұлт өкілдеріне және облысымыздың азаматтарына бейбітшілік, татулық және береке тілейміз. Рухани келісім — ең мықты қорғаныш!
Рухани келісім күні құтты болсын!
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-din/press/news/details/1312863?lang=kk