Өңірлік өзара байланыс пен орнықты даму Қазақстан мен ЕО диалогының ортасында

Өңірлік өзара байланыс пен орнықты даму Қазақстан мен ЕО диалогының ортасында

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың Арнайы өкілі Эдуардс Стипрайспен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың оң динамикасын және екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетудің басты институционалдық негізі болып табылатын Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісімнің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Тараптар ең жоғары және жоғары деңгейлердеқол жеткізілген уағдаластықтарды, соның ішінде Мемлекет басшысының биыл 23 маусымда Брюссельге жасаған сапарының қорытындыларыбойынша келісімдерді практикалық тұрғыдан іске асыруға, сондай-ақ «Орталық Азия – ЕуропалықОдақ» форматы аясындағы өзара ынтымақтастықтыодан әрі дамытуға ерекше назар аударды.

ЕО-ның өңірдегі экономикалық қатысуын кеңейту аясында тараптар көлік-логистикалықөзара байланысты нығайту перспективаларын, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлікбағытын одан әрі дамыту, еуропалықинвестицияларды тарту және Global Gatewayбастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1312832?lang=kk