Лепсі ауылдық округінде «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өтті

Лепсі ауылдық округінде «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өтті

Лепсі ауылдық округінде «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, өскелең ұрпаққа тәрбие беру, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы ажырасу мен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Бірлестік өкілдері ұйымның негізгі мақсаттары мен міндеттері, ата-аналар мен балаларды қолдауға бағытталған бастамалар және жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат берді.

Кездесудің басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана жауапкершілігін арттыру және жас ұрпақтың тәрбиесіне қоғамның назарын аудару.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-lepsi/press/news/details/1312831?lang=kk