Ақжар ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық Жастар ресурстық орталығының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Жайдарман» - Ақжар ауданының жастар кубогы фестивалі өтті.
Фестивальге аудан мектептерінен 6 команда қатысып, тапқырлықтарын, өнерлері мен әзіл-қалжыңға деген шеберліктерін көрсетті.
Фестиваль қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - Бестерек орта мектебінің «Тентектер» командасы;
ІІ орын – Ұлғұлым орта мектебінің «О Бана» командасы;
ІІІ орын - Ленинград № 1 орта мектебінің «Сказочные кадры» командасы.
«Үздік ойыншы» номинациясын «Без паники» командасының капитаны Мархат Аубакиров иеленді. Ал көрермен көзайымы жүлдесі «Құрттай» командасының ойыншысы Нұрсұлтанға бұйырды.