«Бумеранг-хантер» атыс тирінің жетекшісі мен нұсқаушысына алғыс хаттар табысталды

«Бумеранг-хантер» атыс тирінің жетекшісі мен нұсқаушысына алғыс хаттар табысталды

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Алмас Мешітбайұлы «Бумеранг-Хантер» атыс тирінің жетекшісі Джунельбеков Карим Смагулович пен тир нұсқаушысы Айбергенов Аргынгазы Айбергеновичке Алғыс хаттар табыстады.

Марапаттар полиция қызметкерлерінің атыс дайындығын жетілдіруге, практикалық ату спортын дамытуға және жеке құрамның кәсіби шеберлігін арттыруға қосқан үлестері үшін берілді.

Атыс дайындығы – полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығының маңызды бағыттарының бірі. Ол қызмет барысында туындауы мүмкін түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға, қаруды қауіпсіз қолдану дағдыларын жетілдіруге және қызметтік міндеттерді тиімді орындауға ықпал етеді.

Бұл бағытта тәжірибелі мамандардың кәсіби қолдауы мен практикалық сабақтарды ұйымдастыруы ерекше маңызға ие. «Бумеранг-Хантер» атыс тирімен ынтымақтастық полиция қызметкерлерінің практикалық ату дағдыларын жетілдіруге және атыс дайындығының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Марапаттау барысында полиция полковнигі Алмас Мешітбайұлы Карим Смагулович Джунельбеков пен Аргынгазы Айбергенович Айбергеновке оқу-жаттығуларды ұйымдастырғаны, кәсіби қолдау көрсеткені және тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ алдағы жұмыстарына табыс тілеп, полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыру бағытындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және қызметтік даярлығын жетілдіруге үлес қосып жүрген мамандарға алғыс білдіреді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1312433?lang=kk