Департамент қызметкерлеріне арналған тренинг өтті

Департамент қызметкерлеріне арналған тренинг өтті
           16 қазан 2026 жылы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің  басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл К. Иманғалиевтің төрағалығымен «Қоғаммен байланыс мәдениеті: шешендік шеберлік және іскерлік коммуникация» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
          Іс-шараны Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Қоғамдық келісімді дамыту институтының директоры Қ. Әшірханова өткізді. 
          Тренингтің мақсаты – департамент қызметкерлерінің қоғаммен байланыс орнату мәдениетін жетілдіру, шешендік шеберлігін дамыту және іскерлік коммуникация дағдыларын нығайту.
          Іс-шара барысында көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті, ойды нақты әрі жүйелі жеткізу, тиімді диалог құру, азаматтармен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас орнату және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қарастырылды.
          Сонымен қатар, қатысушылар кәсіби ортада тиімді коммуникация орнатудың маңыздылығын талқылап, қызметтік қарым-қатынаста кездесетін түрлі жағдайларды шешу жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
          Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға, қызметтік әдеп қағидаттарын нығайтуға және азаматтармен ашық әрі тиімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1312402?lang=kk