Кедергісіз орта — бұл тек қолжетімді инфрақұрылым ғана емес, сонымен қатар бір-бірімізге деген құрметті қарым-қатынас.
Мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасағанда сыпайылық танытып, құрметпен қарау, адамның өзіне тікелей тіл қату және көмекті тек оның келісімімен ұсыну маңызды. Ең бастысы — әр адамның жеке тұлғасын, қадір-қасиетін және дербестігін құрметтеу.