МИЯЛЫ АУЫЛЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

МИЯЛЫ АУЫЛЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Миялы ауылының тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелерін талқылады.

🔹 Ашық диалог форматында өткен кездесуде тұрғындар ауылдың тыныс-тіршілігіне қатысты өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

🔹 Кездесу қорытындысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің назарда болатынын атап өтіп, оларды қолданыстағы заңнама аясында кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1312262?lang=kk