Бүгін Алматы қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшылары Омарова Г.Т. , Усенов Б.С. және Алматы қаласы Білім басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшыларына арналған семинар-кеңес №222 және №146 мектептерінде өткізді. Семинарға мемлекеттік және жекеменшік балабақша меңгерушілері, құрылтайшылары қатысты. Кездесу барысында *мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау*, білім беру ұйымдарын аттестаттау және педагогтерді аттестаттау мәселелері талқыланды. Аталған бағыттар бойынша қолданыстағы талаптар түсіндіріліп, лицензиялау және аттестаттау рәсімдерін ұйымдастыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер қарастырылды. Жұмыс кездесулерінің негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды түсіндіру, лицензиялау және аттестаттау рәсімдерін сапалы әрі талаптарға сәйкес ұйымдастыруға әдістемелік қолдау көрсету. Іс-шара Алматы қаласы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету және бақылау бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіруге бағытталды.
Бүгін Алматы қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшылары Омарова Г.Т. , Усенов Б.С. және Алматы қаласы Білім басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшыларына арналған семинар-кеңес №222 және №146 мектептерінде өткізді.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/control-almaty/press/news/details/1281108?lang=kk