ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАННЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАННЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

Әйтеке би ауданына жұмыс сапары аясында Департамент басшысының орынбасары Руслан Мажитов аудан активімен кездесу өткізді. ​

 Кездесудің басты тақырыбы — Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңға сәйкес салаға енгізілетін ауқымды өзгерістер болды. Жаңа заңнаманың негізгі бағыттары жаңа Конституцияға сәйкестендірілген және мынадай маңызды міндеттерді қамтиды: ​

 Сервистік модель: мемлекеттік қызметті клиентке (халыққа) бағдарланған деңгейге көшіру; ​

 Кәсібилендіру: мемлекеттік аппараттың әлеуеті мен біліктілігін арттыру; ​

 Цифрландыру: кадрлық процестерді толықтай электронды форматқа көшіру. ​

 Сонымен қатар, жиында “Адал азамат”, “Заң мен тәртіп” қағидаттары аясында мемлекеттік қызметте адалдық мәдениетін қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1312131?lang=kk