Аса қауіпті инфекцияны диагностикалау, емдеу және іс-қимыл алгоритмі мәселелері

     ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ұйымдастырған «Аса қауіпті инфекцияны диагностикалау, емдеу және іс-қимыл алгоритмі мәселелері» тақырыбында вебинар өткізілді.
     Аталған вебинарға Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары, аумақтық басқарма мамандары мен инфекционист дәрігерлер, жедел мединалық көмек көрсететін медициналық қызметкерлер қатысты.
  Вебинар барысында аса қауіпті инфекцияларды диагностикалау, емдеу және инфекция анықталған жағдайда жүргізілетін іс-қимыл алгоритмдері бойынша ақпарат берілді. Аталған мәселелер талқыланып, мамандарға түсіндірмелер берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1312125?lang=kk