Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту жұмыстары жүргізілді

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту жұмыстары жүргізілді

Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өзіндік қауіпсіздік қызметкерлерінің үйлестіруімен жеке құрамға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын, қызметтік және жеке автокөлікте жол қауіпсіздік ережелерін сақтау, қызметтік-әскери тәртіпті нығайту мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жеке құрам тарапынан бұзушылық фактілері орын алған жағдайда Қазақстан Республикасы Заңнамасында қарастырылған жауапкершілікке тартылатыны қатаң ескертілді.

Жеке құрамның заңдылық пен қызметтік-әскери тәртіпті сақтауы қатаң бақылауда.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-ulytau/press/news/details/1312119?lang=kk