Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі негізгі орталық автомобиль жолдарына қызмет көрсететін мердігер мекеменің күзгі жауын-шашын маусымына дайындығын тексерді.
Тексеру барысында жаңбыр суын ағызу жүйелерінің жай-күйі, суағар арналарының тазалығы және жиналған суды шығаруға арналған арнайы арнайы техникалар мен мотопомпалардың дайындығы қаралды.
Сонымен қатар, су жиналуы мүмкін учаскелерде жауын-шашын суын тиімді бұру мақсатында суағар жүйелерін орталықтандырылған кәріз желісіне қосу үшін қажетті қосылу орындарын ұйымдастыру тапсырылды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтауда күзгі жауын-шашын маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1312040?lang=kk