Түркістан облысында өрт істері бойынша сот практикасы талқыланды

Түркістан облысында өрт істері бойынша сот практикасы талқыланды

Практикалық семинарда анықтаушылардың кәсіби біліктілігін арттыру, процессуалдық құжаттарды рәсімдеу және сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын жетілдіру мәселелері қаралды.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Өрттерге байланысты істер бойынша сот практикасы» тақырыбында практикалық семинар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өрт оқиғаларына байланысты істерді қарау тәжірибесін талқылау, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру және анықтаушыларға тиісті әдістемелік түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Семинар барысында анықтаушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға, процессуалдық құжаттарды заңнама талаптарына сәйкес дұрыс рәсімдеуге және сот практикасын ескере отырып, тергеп-тексеру жұмыстарын жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Қатысушылар өрттерге байланысты істерді тергеп-тексеру кезінде заң талаптарын сақтау, жиналған материалдардың сапасын қамтамасыз ету және процессуалдық рәсімдерді дұрыс орындау мәселелерін талқылады.

Мұндай практикалық іс-шаралар мамандардың кәсіби тәжірибесін жетілдіруге, өзара тәжірибе алмасуға және өрт оқиғалары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1311838?lang=kk