«Победа ауылында ауыл әкімінің халық алдындағы кезекті есептік кездесуі өтті»

«Победа ауылында ауыл әкімінің халық алдындағы кезекті есептік кездесуі өтті»

2026 жылғы 8 қазанда Победа ауылының әкімі С.М. Айқадамовтың халық алдындағы есептік кездесуі өтті. Жиында ауыл әкімі «2026 жылғы есепті кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» баяндама жасады.
Сондай-ақ, халық алдында полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Т.Қ. Рахымбаев сөз сөйлеп, тұрғындарды ауылдағы криминогендік ахуалмен таныстырды. Сонымен қатар, ол мемлекетіміздегі «Заң және тәртіп» идеологиясын дамыту мәселесіне тоқталып, өз сөзінде азаматтардың деструктивті мінез-құлқының алдын алуға, халық арасында құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыруға және абаттандыру қағидаларын міндетті түрде сақтауға бағытталған іс-шаралардың қажеттілігін атап өтті.
Әкімдік мамандары тұрғындардың мүлік және жер салығына қатысты сұрақтарына түсініктеме беріп, жылыту маусымының басталуы қарсаңында өрт қауіпсіздігі туралы профилактикалық ақпаратты жеткізді.
Победа ауылы әкімінің баяндамасымен «Құжаттар» бөлімінде немесе мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/org/kostanai-karabalyk-pobeda/documents/details/1083511?lang=kk

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-pobeda/press/news/details/1311651?lang=kk