«Өмірге үміт сыйла»: облыстың мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері Республика күні қарсаңында қан тапсырды

«Өмірге үміт сыйла»: облыстың мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері Республика күні қарсаңында қан тапсырды

Қазақстан Республикасы күні мерекесі қарсаңында Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті «Өмірге үміт сыйла» атты донорлық қан тапсыру қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Іс-шара Павлодар облыстық қан орталығының мамандарымен бірлесе отырып, жоғары кәсіби деңгейде өтті. Бастаманың басты мақсаты – өзара қолдау мәдениетін дамыту және қан құюды қажет ететін жандарға нақты көмек көрсету.

«Қан тапсыру – қарапайым болғанымен, өте маңызды қадам. Басты ұлттық мереке – Республика күнін тек сөзбен емес, нақты қайырымды іспен атап өту – біз үшін үлкен мәртебе», – деп атап өтті Адам ресурстары басқармасының басшысы Анна Марьина.

Департамент Павлодар облыстық қан орталығының ұжымына кәсібилігі мен акцияны ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін, сондай-ақ жоғары азаматтық жауапкершілік пен мейірімділік танытқан барлық қызметкерлерге шынайы алғысын білдіреді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1311396?lang=kk