2026 жылғы 9 қазанда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің «Қызылорда жол дистанциясы» (ПЧ-57) жұмысшылары арасында ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында аурулардың негізгі белгілері, жұғу жолдары және ықтимал асқынулары түсіндірілді. Сонымен қатар өзін-өзі емдеуге жол бермеу, алғашқы белгілер байқалған кезде медициналық көмекке жүгіну, қол гигиенасын сақтау, бөлмелерді желдету, маска тағу және салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі айтылды.
«ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шаралары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді