Сәтбаев қаласының білім бөлімінде «Ашық есік күні» өткізілді

Сәтбаев қаласының білім бөлімінде «Ашық есік күні» өткізілді

2026 жылғы 19 маусымда Сәтбаев қаласының білім бөлімінде «Ашық есік күні» акциясы өтті. Мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қызметтерді түсіндіру және тұрғындармен ашық диалог орнату. Акцияға бөлім басшысы мен мамандары қатысты.

Азаматтар білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер мен білім беру ұйымдарының жұмысы туралы сұрақтарына жауап алып, өтініштері мен ұсыныстарын білдірді. Мамандар ата-аналарға кеңес берді.

Білім бөлімінің басшысы Б.Б. Акишбеков тұрғындарға қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1311131?lang=kk