Сәтбаев қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы, Абай атындағы № 4 мектеп-лицейі және № 7 мектебінің педагог-психологтері Астанада ұйымдастырылған республикалық «Үздік психолог» байқауына қатысты.
Қатысушылар кәсіби шеберліктері мен тәжірибелерін таныстырды. Байқау қорытындысы бойынша арнайы марапаттармен, дипломдармен және «Үздік психолог» төсбелгісімен марапатталды.