«Ұлар» командасы «Айбын – 2026» халықаралық жиынында үш жүлделі орын алды

«Ұлар» командасы «Айбын – 2026» халықаралық жиынында үш жүлделі орын алды

2026 жылғы 21–27 маусымда Ақмола облысының Щучинск қаласында «Айбын – 2026» халықаралық әскери-патриоттық жиыны өтті. Оған бес мемлекеттің өкілдері және 50-ден астам команда қатысты. Ұлытау облысының намысын «Ұлар» әскери-патриоттық клубының құрама командасы қорғады.

Команда «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауында III орын, жүзуден III орын және арқан тартудан II орын алды.

Команда жетекшісі — Сәтбаев қаласының № 14 мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Сулейменов Еркін Ақылбекұлы.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1311127?lang=kk