«Ақбота» педагогі «ЭкоСтарт» байқауының облыстық кезеңінде жүлдегер атанды

«Ақбота» педагогі «ЭкоСтарт» байқауының облыстық кезеңінде жүлдегер атанды

«Ақбота» бөбекжайының педагогі Байтенова Жанат Амзеновна «ЭкоСтарт: жасыл технологияларға алғашқы қадамдар» республикалық байқауының облыстық кезеңінде жүлделі орынға ие болды.

Мектепке дейінгі ұйым педагогтері арасындағы облыстық кезең Ұлытау облысының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты — тәрбиеленушілердің экологиялық мәдениетін және табиғатты ұқыпты пайдалану дағдыларын қалыптастыруда жасыл технологияларды, цифрлық ресурстарды және инновациялық тәсілдерді қолдану тәжірибесін анықтау және тарату.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1311124?lang=kk