Сәтбаевта облыстық тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті

Сәтбаевта облыстық тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті

ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ!

24 тамыз күні Сәтбаев қаласындағы кеншілер сарайында педагогтердің облыстық тамыз кеңесінің «Құндылыққа негізделген білім: сапа, сабақтастық және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы пленарлық отырысы өткізілді.

Жиынға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Серікқалиұлы Шарабасов арнайы шақырылды.

Пленарлық отырыста білім беру жүйесіне жаңа халықтық Конституцияда айқындалған құндылықтар мен қағидаттарды енгізу, «Адал азамат» біртұтас тәрбие құндылықтарын оқу пәндеріне кіріктіру, «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын жүзеге асыру, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды жауапты пайдалану, мектепке дейінгі және бастауыш білім арасындағы сабақтастықты күшейту мәселелері талқыланды.

Пленарлық отырыс барысында «Жаңа Конституция: адам – басты құндылық, жасанды интеллект – оның серігі» тақырыбында Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Махметова Орынкуль Думанбекқызы баяндама жасады.

Ұстаз еңбегі – құрметке лайық!

«Еңбек ардагері”

медалімен:

Рахметова Серикуль Анихановна;

Хасенова Калия Болысбековна.

«Ыбырай Алтынсарин»

медалімен:

Акышбекова Гулшат Базыловна.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен

Капарова Бакытжан Кайратовна марапатталды.

Пленарлық отырыста Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің білім алушылары мен ұстаздарынан құралған «Ұстазым, менің ұстазым» музыкалық нөмірі шеберлікпен орындалып, көрсетілді.

Жаңа оқу жылы — жаңа мақсаттар, жаңа серпін, жаңа мүмкіндіктер!

Білім сапасы мен ұрпақ тәрбиесі жолындағы барша педагогке сәттілік тілейміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1311122?lang=kk