Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтарының тамыз секциясы өтті

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтарының тамыз секциясы өтті

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтарының тамыз секциялық отырысы өтті

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтары дәстүрлі тамыз секциялық отырысына жиналып, алдағы оқу жылындағы жұмыстың басым бағыттарын айқындады.

Секция жұмысы «Жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбы аясында ұйымдастырылып, мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету, ата-анамен серіктестік орнату, ойын арқылы баланың танымдық және эмоционалдық дамуын қолдау мәселелері талқыланды.

«Балалар әлеміне жол ашайық» жобасы

«Қызыл телпек» және «Күншуақ» бөбекжайларында 2023–2024 оқу жылынан бастап енгізілген жобаның нәтижелері туралы психологтар П. Гладко мен Г. Султанова баяндама жасады. Сонымен қатар жас маман психологтарға практикалық жұмыста қолдануға ыңғайлы «Игровой калейдоскоп»жұмыс дәптері мен ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған тапсырмалар жинағын таныстырды.

«Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы» «Балапан» бөбекжайының педагог-психологы

М. Булегенова отбасы мен балабақша арасындағы тиімді серіктестіктің маңызына тоқталды. Психологиялық қолдаудың басты мақсаты – баланың эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз ету екенін атап өтіп, ата-аналармен жұмыс жүргізудің тиімді формаларымен бөлісті.

«Әр ойын – жаңа мүмкіндік»

жас маман М. Амирханова өз презентациясында ойындарды жүйелі қолданудың балалардың психологиялық жаттығуларға деген қызығушылығын арттырудағы рөлін көрсетті. Сонымен қатар ойын түрлеріне арналған дидактикалық құралдарды таныстырды.

Қатысушылар өзара пікір алмасып, практикалық жұмыста қолдануға болатын тиімді тәсілдерді талқылады.

Ойын – баланың ішкі әлемін танудың, психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың және оны дамытудың табиғи әрі тиімді құралы.Сондықтан баланың әрбір ойынына мән беріп, оны жан-жақты дамудың мүмкіндігі ретінде қарастыру – педагог-психологтың маңызды міндеттерінің бірі.

Жаңа оқу жылында балаға бағытталған психологиялық қолдау жүйесін жетілдіру, ата-анамен тиімді ынтымақтастық орнату және педагогтердің кәсіби тәжірибесін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Балаға жылулық – ортадан, қолдау – үлкендерден, мүмкіндік – әр ойыннан!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1311118?lang=kk